Олимпиада
21 ақпан 2017 12:10
 
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Иранмен мемарандумға қол қойды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Иранмен мемарандумға қол қойды ©olympic.kz

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындары аясында ҚР Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен Иранның Олимпиадалық комитетінің президенті Кумарс Хашеми екі жақты спортты дамытуға арналған келісім хатқа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің ресми сайты.

Енді алдағы уақытта Иран мен Қазақстан спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығулары жиі өтуі мүмкін. Оған басты себеп, бүгін Иран Қазақстан Олимпиадалық комитеттерінің басшылары осылай тоқтамға қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін жергілікті уақытпен 16:00 де Азиада ойындарының ашылу салтанаты басталады. Спортшылар шеруінде еліміздің жалауын шаңғы жарысынан бес дүркін Қазақстан чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Жалпы жарыста 31 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл бәсі биік додаға еліміздің намысын қорғауға 153 спортшы келді.

Кеше алғашқы іріктеу сындары басталған болатын. Онда хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жергілікті спортшылармен бақ сынасып, өкінішке қарай, қарсыластарына 0:5 есебімен ұтылып қалды. Ал ертең, яғни 20 ақпан күні біздің хоккейші аруларымыз қытай құрамасымен ойнайды.

Жарнама

Живи спортом!