Олимпиада
2 тамыз 2021 13:15

Қазақстан спортшылары Олимпиаданың алғашқы аптасында қанша сыйақы алғаны белгілі болды

Сурет: © REUTERS / LUIS ROBAYO

Қазақстан командасы Токио Олимпиадасында әлі алтынға жеткен жоқ, дегенмен, алғашқы сыйақыларын алатын спортшылар анықталып та үлгерді. Толығырақ Vesti.kz материалында. 

Қазақстандық спортшыларға сыйақы алу үшін Олимпиадада өз жарысынан үздік алтылыққа іліну керек (ең төменісі). 2 тамызда біздің спортшылар жалпы 265 мың доллар төлемге қол жеткізіп тұр, сонымен қоса, жарысын жалғастырып жатқан спортшыларымыз сәйкесінше сыйақысын да молайта алады. 

Мәселен, бокстан құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шығып, қазірдің өзінде 75 мың доллар төлем алады, бірақ, көрсеткішін жақсартуы да мүмкін. Гимнаст Милад Карими де тағы бір финалдық жарысқа ілігіп, ол да сыйақысын жақсарта алады. 

Токио Олимпиадасына белгіленген мемлекеттік сыйақының алдын ала тізімі: 

Алтын (250 мың доллар) - иегері жоқ.

Күміс (150 мың доллар) - иегері жоқ.

Қола (75 мың доллар) - Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло (екеуі де ауыр атлетика).

Төртінші орын (30 мың доллар) - Елена Рыбакина (теннис).

Бесінші орын (10 мың доллар) - Милад Карими (спорттық гимнастика).

Алтыншы орын (5 мың доллар) -  иегері жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport