Олимпиада
26 ақпан 2017 14:34
 
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында үздік үштікке кіре алмады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында үздік үштікке кіре алмады

Саппоро қаласында өткен Азиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орынды қанағат тұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшылар қысқы ойындарында 32 медальді қанжығасына байлады. Оның тоғызы алтын, 11-і күміс және 12 қола медаль.

Қысқы ойындардың қорытындысы бойынша, жарыс қожайындары бірінші орынды алды, олар 74 медаль ұтып алды: 27 алтын, 21 күміс және 26 қола. Екінші орында Оңтүстік Корея құрамасы - 50 медаль (16-18-16), ал үшінші орында Қытай спортшылары - 35 (12-14-9).

VIII қысқы Азия ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтті. Спортшылар спорттың 11 түрінен бақ сынап, 64 комплект медальді сарапқа салды. Осыған дейінгі Азия ойындары Астана және Алматы қалаларында өтті. Ол кезде Қазақстан құрамасы 32 медальмен жалпы есепте бірінші орынды иеленген болатын.

Жарнама

Живи спортом!