Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші болды.
Эстафеталық жарыста күміс жеңіп алған команда сапында Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев өнер көрсетті.
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.
Айта кетейік, Қазақстан биатлоншылары Азия ойындарын төрт медальмен аяқтады. Владислав Киреев спринтте бірінші орын алды. Бұл санатта Вадим Куралес күміс медаль еншіледі. Әйелдер құрамасы эстафетада үшінші орын алса, ерлер құрамасы екінші болды.