Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz.
Киреев 10 шақырымға спринтерлік жарыста алтын жеңіп алды. Екінші орында да қазақстандық спортшы Вадим Куралес болды. Ал қола жүлде қытайлық спортшыға бұйырды.
Бұл Қазақстанның осы қысқы Ойындардағы үшінші алтыны. Сонымен бірге, ел қоржынында алты күміс пен төрт қола бар.Бұған дейін қазақстандық фристайлшылар Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов чемпион атанған болатын. Ал алғашқы алтынды шорт-трекшілеріміз алған еді.
Азия ойындары 14 ақпанда аяқталады.