Францияя астанасы Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында тағы бір қазақстандық боксшы жарыстан шығып қалды.
Махмұт Сабырхан бірінші айқасында-ақ жеңілді. 57 келідегі 1/8 финалда қазақ боксшының қарсыласы испаниялық Хосе Кильес болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан 2022 жылғы Еуропа чемпионы және 2024 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері Кильеске берді.
Ширек финалда испаниялық боксшы өзбекстандық әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен айқасады.
Айта кетейік, Махмұт Сабырхан 54 келіде әлем чемпионы.