Қазақ балуаны Олимпиадада Африка чемпионын таза жықты

Бүгін, 7 тамызда грек-рим стилінде белдесетін қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олиимпиадасындағы бірінші кездесуін өткізді.
Бүгін, 7 тамызда грек-рим стилінде белдесетін қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олиимпиадасындағы бірінші кездесуін өткізді.
87 келідегі 1/8 финалда қазақ балуаны мысырлық Мохамед Метваллимен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық 0:1 есебімен жеңіліп жатып, қарсыласын таза жықты да, 10:1 есебімен ширек финалға өтті.
Тұрсынов 2014 жылғы Азия чемпионы. Сонымен бірге, құрылқтық жарыста екі рет күміс және бір рет қола жүлдегер атанған (2015, 2023 және 2022 жылдары).
Метвалли - Африканың екі дүркін чемпионы (2017, 2019). Сонымен қоса, Африка ойындарының қола жүлдегері (2019).
Жарнама