Қазақ балуан Олимпиадада Еуропа чемпионымен белдесуде сенсация жасады

Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Олимпиадада алғашқы белдесуін өткізді.
Грек-рим стилінде күресетін қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Олимпиадада алғашқы белдесуін өткізді.
130 келіге дейінгі салмақтағы қазақ балуан 1/8 финалда 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және Еуропа чемпионы, румыниялық Алин Алексус Чурариумен белдесті.
Қазақстандық балуан бұл белдесуде 3:1 есебімен басым түсті.
Біріккен күрес әлемі (UWW) рейтингінде Чурариу сегізінші орында, ал Сыздықов тек елу үшінші.
Енді ширек финалда Әлімхан Әзірбайжан балуаны Сабах Шариатимен белдеседі.
Жарнама