Олимпиада
27 тамыз 2018 14:01
 
Қайрат Ералиев Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

  Пікірлер

blog.share

Қайрат Ералиев Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды olympic.kz

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Азия ойындарының алғашқы айналымынан аса алмады. 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған отандасымыздың Джакартада жолы болмады.

56 кг салмақта жұдырықтасатын Қайрат Ералиев тай боксшысы Чатчай Будтиден жеңілді. Жекпе-жекке қазылық жасаған бес төреші де жеңісті қарсыласына берді.

Тай боксшысы 2015 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ сары құрлықтағы түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген боксшы.

Айта кетейік, осыған дейін Азия ойындарында 1/4 финалға бес боксшымыз шыққан еді. Асланбек Шымбергенов (69 кг), Азат Махметов (52 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Назым Қызайбай (51 кг) мен Сәния Сұлтанқызы (57 кг) жүлде жолында жарысты жалғастырады. Сондай-ақ бүгін Теміртас Жүсіпов (49 кг), Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) пен Әбілхан Аманқұл (75 кг) Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!