Қан тоқтамады. Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада финалына шыға алмады
Сурет: olympic.kz.
Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жарақат алып, жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жарақат алып, жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
91 келіден аса салмақтағы қазақстандық боксшы жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Үшінші раундта Торрестің сол қолымен жасаған соққысы Қамшыбектің мұрын тұсындағы терісін жыртып жіберді. Осы себепті төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, амеркиалық техникалық жеңіске жетті.
Айта кетейік, 52 келіде тағы бір қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалға жеткен болатын.
Жарнама