Олимпиада
2 тамыз 2021 09:48

Жұптық сын. Қазақстандық каноэшілер Токио ойындарында төртінші болды

Сурет: Olympic.kz

Токио Олимпиадасында ерлер арасында байдарка мен каноэде есуден жарыс басталды, деп хабарлайды Vesti.kz

Қос орынды каноэде 1000 метрге жүзуден Сергей мен Тимофей Емельяновтар сынға түсіп, 3:49.079 уақытымен төртінші келді. 

Осылайша, қазақстандық спортшылар жартылай фианлға шыға алмады, дегенмен, олар енді ширек финалдық іріктеуде келесі кезеңге жолдама жеңіп ала алады.

Бұл жарыста бірінші екі орын бірден жартылай финалға, ал кейінгі бесеуі ширек финалға жолдама береді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport