"Жарысқа сынған қолмен шығу ерлік емес". Азиада жүлдесін жеңіп алған қазақ қызы

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ардана Маханова 2025 жылы Харбинде өткен Азия ойындарында синхронды секіру бойынша қола жүлдеге ие болды.
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ардана Маханова 2025 жылы Харбинде өткен Азия ойындарында синхронды секіру бойынша қола жүлдеге ие болды.
Спортшы жарысқа сынған қолмен шыққанын айта кетейік.
Ардана бұл жетістігін ерлік деп санамайтынын, сондай-ақ қазіргі уақытта қалай қалпына келіп жатқанын айтып берді.
"Мен жарақатпен өнер көрсеттім, бірақ бұл туралы тек менің командам ғана білді. Командаластарым мен бапкерлерім маған үлкен қолдау көрсетті, сол үшін оларға алғысым шексіз. Қолым үшін алаңдаушылық болды, бірақ жарысқа бір күн қалғанда теріс ойлардан арылып, бар күшімді нәтижеге бағыттауға тырыстым.
Мен үшін бұл ерлік емес, керісінше, өзімді тексеру болды. Қиын болатынын білдім, бірақ команда мен бапкерлердің қолдауының арқасында бар ойымды жарысқа шоғырландыра алдым.
Бұл жүлде – жарысқа дейінгі барлық еңбектің нәтижесі. Қандай жағдай болмасын, өзіме сеніп, мақсатқа жеткеніме қуаныштымын," – деді Маханова Olympic.kz сайтына берген сұхбатында.
Қазіргі уақытта спортшы ем қабылдауда. Қолының гипсімен тағы екі апта жүруге тура келеді. Осыдан кейін толыққанды жаттығуға оралуға ниетті.
"Қазір жарақатым дәрігерлердің бақылауында, қажетті ем-дом мен қалыпқа келтіру шараларын алып жатырмын. Нақты мерзімді айту қиын, бірақ шамамен екі аптадан кейін гипсті шешемін. Одан кейін физиотерапия мен арнайы жаттығуларға (ЛФК) кірісемін. Жақын арада қатарға қосыламын деп үміттенемін," – деді спортшы.
Жарнама