Олимпиада
21 шілде 2021 11:37

"Жарыс басталатын күнді асыға күтудемін". Қазақстандық боксшы Олимпиадаға дайын екенін айтты

Сурет: olympic.kz

Боксшы Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарында 52 ккеліге дейін Қазақстан намысын қорғайды. Токиода бәсеке алдында ол сынға дайын екенін айтты, деп жазады Olympic.kz

"Олимпиада ауылына орналасып, жаттығуымызды өткізіп, көңіліміз біраз жайланды. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Көңіл-күйіміз де керемет. Карантинге байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

Бұл өте дұрыс шешім, өйткені, Олимпиадаға қатысушылардың денсаулығы бірінші орында тұруы тиіс.

Күн сайын ПТР тест тапсырып, денсаулық жағдайымыз туралы есеп береміз. Олимпиадаға тыңғылықты дайындалдық. Енді бар күшімізді шаршы алаңда саламыз", - дейді Сәкен.