Олимпиада
12 тамыз 2021 16:43

Forbes журналы Олимпиада ойындарында ең көп сыйақы берген елдердің тізімін жариялады

©Сурет: huffpost.com©

Forbes журналы Токиодағы Олимпиада ойындарында өз спортшыларына ең көп сыйақы берген елдердің тізімін жариялады, деп жазады "Спорт-Экспресс" басылымы. 

Тізімнің көшін Италия бастап тұр. Италия өз спортшыларына жалпы 9,07 миллион доллар сыйақы берген. Жалпы бұл елдің спортшылары Олимпиада ойындарында 10 алтын, 10 күміс және 20 қола жүлде жеңді. 

Екінші орында АҚШ (7,84 миллион, 39 алтын, 41 күміс, 33 қола) болса, үшздік үштікті Франция (6,51 миллион, 10 алтын, 12 күміс, 11 қола) түйіндеп тұр. 

Журнал ROC (Ресейдің Олимпиада құрамасы) спортшыларына қанша сыйақы бергені туралы ақпаратты ала алмаған. 

Сыйақы ең көп жасаған елдердің тізімі: 

1. Италия (9,07 миллион доллар)

2. АҚШ (7,84 миллион)

3. Франция (6,51 миллион)

4. Венгрия (5,64 миллион)

5. Тайвань (4,92 миллион)

6. Жапония (4,03 миллион)

7. Испания (2,55 миллион)

8. Түркия (2,26 миллион)

9. Сербия (2,01 миллион)

10. Гонконг (1,93 миллион)

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport