Азиада
1 тамыз 2021 12:29
 

Есірткі мен Токиода қыдыру. Олимпиада комитеті сегіз спортшыны акредитациядан айырды

  Пікірлер

blog.share

Есірткі мен Токиода қыдыру. Олимпиада комитеті сегіз спортшыны акредитациядан айырды Сурет: DW

2020 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті грузиялық спортшылардан Олимпиада ауылынан рұқсатсыз шыққаны үшін аккредитациясынан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

blog.share

2020 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті грузиялық спортшылардан Олимпиада ауылынан рұқсатсыз шыққаны үшін аккредитациясынан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Грузияның екі дзюдошысы - Важа Маргвелашвили мен Лаша Шавдатуашвили Олимпиадаға қатысу аккредитациясынан айырылып, коронавирусқа қатысты шектеулерді бұзғаны үшін еліне қайтарылған.

Дзюдодан Олимпиада турнирі аяқталды, ал Маргвелашвили мен Шавдатуашвили сәйкесінше 66 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған.

Ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Тосиро Мутоның айтуынша, Токиодағы ойындар кезінде сегіз спортшының аккредитациясы қайтарылған.

"Жария етілген жағдайдың бірі қызметкердің бірі есірткі сақтағаны үшін тұтқындалуымен байланысты. Тағы бір оқиға Грузия спортшыларына қатысты. Грузия елшілігі кешірім сұрады. Олар плейбук тәртібін бұзды", - дейді Муто журналистерге.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!