Ертең, 26 шілде күні Токиодағы Олимпиада ойындарында бірнеше қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады. Осы орайда Vesti.kz порталы назарларыңызға ертеңгі күннің аңдатпасын ұсынып отыр.
Ертең Олимпиада ойындарында жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың кестесі:
06:00 Стен ату. Скит. Әйелдер.
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко
06:30. Садақ ату. Ерлер. Командалық сайыс.
Қазақстан — Үндістан
08:00 Дзюдо. Ерлер.
73 кило. Жансай Смағұлов — Фердинанд Карапетян (Армения)
08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сайыс.
Елена Рыбакина — Ребекка Петерсон (Швеция)
11:00 Каноэ. Ерлер.
Александр Куликов
11:30 Үстел теннисі.
Кирилл Герасименко — Тимо Болль (Германия)
15:03 Бокс. Ерлер.
52 кило. Сәкен Бибосынов — Янкьель Ривера Фигероа (Пуэрто-Рико)
16:50. Ауыр атлетика. Әйелдер.
55 кило. Зульфия Чиншанло