Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов келесі Олимпиада ойындарына қатысу туралы шешімін айтты.
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов келесі Олимпиада ойындарына қатысу туралы шешімін айтты.
"Қазір 31 жастамын, жуырда 32-ге келемін. Келесі Олимпиадада 36 жаста болады екенмін. Егер мүмкіндік туып жатса, неге қатысып көрмеске? Осындай шешімге келдік", - дейді спортшы Instagram желісіндегі стористе.
Бірақ бұған дейін Сметов Париж ойындары ол үшін соңғы Олимпиада деген болатын.
Парижде Елдос 60 келіде алтын алып, толыққанды олимпиадалық кавалер атанды: 2016 жылы ол күміс және 2020 жылы қола алған болатын.
Сонымен қоса, бұл Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын жүлде.
Жарнама