Қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовты жарыс жолынан шығарған ресейлік боксшы Имам Хатаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда Хатаев ұлыбританиялық Бенжамин Уиттакерден төрешілер шешімімен жеңіліп, 81 келіде қола иеленді.
Еске салайық, Нұрдәулетов пен Хатаев турнирдің бірінші айналымында жұдырықтасқан: ресейлік боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жеткен (1:4).
Бұл айқаста қазақстандық боксшының басымдығы бар деп есептелген еді, өйткен Бекзат 2019 жылғы әлем чемпионы.