Азиада
27 шілде 2021 11:33
 
"Баршаңыздан кешірім сұраймын". Отгонцецег Галбадрах Олимпиададағы жеңілісіне қатысты

  Пікірлер

blog.share

"Баршаңыздан кешірім сұраймын". Отгонцецег Галбадрах Олимпиададағы жеңілісіне қатысты Сурет: olympic.kz

Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығы өтеді. Ал жапондардың ұлттық спорты дзюдо күресінің белдесулері алғашқы күндері өткен болатын. Осыған байланысты жарыстарын аяқтаған отандастарымыздың алғашқы легі елге оралуда. Олардың арасында 48 келіде сынға түскен дзюдошы Отгонцецег Галбадрах бар.

"Жарыста жанкүйерлер болмағанымен, олардың қолдауын сезіндім. Әлеуметтік желіде менің тілеуімді тілеген жандар көп болды. Өкінішке қарай, бұл ойындарда жолым болмады. Сол үшін баршаңыздан кешірім сұраймын. Амандық болса келесі Олимпиадада барымды саламын. Келесі ойындарға мықты болып келемін", - деді Галбадрах Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Токио төрінде Галбадрах қытайлық Ли Янаньмен белдесіп, аспан асты елінің өкіліне есе жіберді. Жалпы спорттық карьерасында 2016 жылы Риода 48 келі салмақта қола жүлдеге іліккен. Сол жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанды. Сонымен қатар, 2017, 2018 жылдары әлем чемпионаттарының қола медалімен марапатталған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!