"Барлығы бізге қарсы жұмыс істегендей". Зүлфия Чиншанло Олимпиададағы қысым жайлы
Қазіргі таңда Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында ел үмітін ақтаған санаулы спортшылардың бірі. Допинг дауына қатысты екі мәрте жазғы ойындардан шеттетілген отандасымыз Жапониядан елге оралды. Олимпиада қола жүлде жеңіп алған зілтемірші Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында төрешілер тарапынан болған қысым жайлы айтып берді.

"Қуанышымда шек жоқ. Бізді осы жарысқа дайындаған бапкерлерімізге, ауыр атлетика федерациясына, облыс басшылығына және президентімізге алғыс айтамын. Жанкүйрлер де күн сайын әлеуметтік желілерде біз туралы жылы сөздер жазып, қолдау білдіріп жатқанын байқадық. Олимпиада ойындарында төрешілер тарапынан қиындықтар болды. Бірнеше мүмкіндігімді есепке алмай қойды. Соған қарамастан жүлделі орынға іліктім. Бапкерлік штабтың тактикасын орындауға тырыстым. Мен көрген ауыр Олимпиадалардың бірі болды. Себебі барлығы бізге қарсы жұмыс істегендей көрінді", - дейді Чиншанло.
Еске салайық, Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында 55 келі салмақта қоссайыс нәтижесі бойынша 213 (90+123) келіні бағындырып қоламен марапатталды. Спорттық карьреасында 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионаттарының алтын медалін иеленген.
Жарнама