Азиада
31 қазан 2023 11:39

Азиаданың қорытындысына баға беру қиын - министр

©gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайда өткен Азиада ойындарының қорытындысына баға беру қиын екенін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жыл соңына дейін және 2024 жылдың шілдесіне (Олимпиада ойындарына - еск.) көп лицензия алуға тырысамыз. Кім кінәлі екенін айту қиын. Содан кейін барып қорытынды шығарамыз. Қазір айту қиын. Бастысы спортшыларды дайындау. Себебі (спортшылар үшін - еск.) жаңа дайындық кезеңі басталды. Азиададан кейін бәрін саралап, сараптаймыз. Содан кейін Олимпиадаға жаңа күшпен дайындаламыз" - деді министр үкімет отырысынан соң.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Азия ойындарында жалпы командалық есепте 11-орынға ие болды. Спортшылар 10 алтын, 22 күміс, 48 қола алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport