Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны Асыланбек Шымбергеновтің жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Olympic.kz.
"Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады.
Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын.
Бұл - Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек", - деді Айтжанов.
71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын.