Азиада
18 қазан 2023 17:31

2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына ресми түрде 5 спорт түрі қосылды

©Olympics

2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасы тізіміне жаңа 5 спорт түрі ресми түрде қосылды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті кеше Мумбайда (Үндістан) өткен кезекті сессиясы кезінде хабарлады. 

ХОК шешімі бойынша 2028 жылғы Олимпиадада флаг-футбол, сквош, лакросс, бейсбол/софтбол және крикет спорт түрлері бойынша жүлделер сарапқа салынатын болады. 

Айта кетейік, 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 14-30 маусым аралығында Лос-Анджелесте өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport