Олимпиада
26 шілде 2021 13:09

13 жастағы жапон спортшысы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды

Фото: Reuters©

Жапониялық скейтбордист Момидзи Нисия Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

13 жастағы спортшы стрит бағдарламасының финалында 15,25 ұпай жинап, бірінші орын алды. 

Екінші орында 13 жастағы бразилиялық Раисса Леал (14,64) алса, үшінші орында тағы бір жапон қызы Фуна Накаяма (14,49) иеленді. 

Айта кетейік, скейтбординг сайысы Токиодағы Олимпиада ойындарында бірінші рет өткізіліп жатыр. Жалпы бұл спортта ерлер және әйелдер арасында екі жүлде сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport