Қазақстандық Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Пчелинцева брасс әдісімен 50 метрлік қашықтықта жүзуде бірінші болды. Ақтық мәрені қазақстандық 31,71 секундта аяқтап, турнир рекордын орнатты.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына ауыр атлетикадан Арли Чонтей (55 келіге дейін) және Зульфия Чиншанло (59 келіге дейін), ал әйелдер күресінен Елена Шалыгина (65 келіге дейін) алтын салған еді.
Исламиада 18 тамызда аяқталады. Турнирде әлемнің 56 елінен 4200 спортшы бақ сынауда.