Су спорты түрлерінен Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржынына 10 медаль түсті. Нақтырақ айтсақ, 8 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.
Сары құрлықтың басты бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынуда: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас) және С тобы (14 жас және кіші). Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күні 11 медаль жеңіп алған еді. Екінші күнмен қоса алғанда қоржынымызда 21 медаль (11 алтын, 6 күміс, 4 қола) бар.
Екінші күнгі жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Жүзу, А тобы:
Әділбек Мусин - 100 м баттерфляй - алтын
Аделаида Пчелинцева - 50 м брасс - алтын
Софья Сподаренко - 100 м баттерфляй - алтын
Диана Тасжанова - 1500 м еркін әдіс - күміс
Жүзу, В тобы:
Арсен Қожахметов - 50 м брасс - алтын
София Абубакирова - 50 м еркін әдіс - алтын
Максим Сказобцов - 100 м баттерфляй - алтын
Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов) - эстафета 4х100 аралас әдіс - алтын
Даниил Черепанов - 50 м еркін әдіс - күміс
Суға секіру, А тобы:
Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина - тұғырдан қатар секіру - алтын
Азия чемпионаты 9 наурызға дейін жалғасады.