Водные виды спорта
15 сәуір 2024 09:17
 
Қазақстан құрамасы бессайыстан Азия чемпионатында 3 жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы бессайыстан Азия чемпионатында 3 жүлде жеңіп алды ©kazsports.kz

Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан Азия чемпионатында 1 күміс, 2 қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аталған додада Қазақстан ерлер құрамасы 4450 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Ел намысын Темірлан Әбдірайымов, Темірхан Сәбденбек, Павел Чередов, Никита Живица қорғады. Бұл сында алтын медалді Оңтүстік Корея командасы қанжығасына байлады. Үздік үштікті Қытай түйіндеді.

Сонымен қатар ерлер арасындағы бәсекеде Темірлан Әбдірайымов жекелей сында 1500 ұпаймен қолаға қол жеткізсе, еліміздің әйелдер құрамасына  (3704 ұпай) үшінші орын бұйырды.

Айта кетейік, бұл жарысқа ересектер арасында 63 (ерлер – 34, әйелдер – 29) үздік спортшы қатысып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!