Любительский бокс
17 сәуір 2017 12:26
 
Ұлттық құрамада Данияр Елеусіновтың орнын кім басады?

  Пікірлер

blog.share

Ұлттық құрамада Данияр Елеусіновтың орнын кім басады? ©ҚБФ

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Ғалым Кенжебаев Vesti.kz порталының тілшісіне 69 келіде бұған дейін көш бастап тұрған Данияр Елеусіновтың екі бокс туралы айтып берді. 

- Ғалым Қалиұлы, бұрнағы күні бокстан Қазақстан құрамасында буын алмасу кезеңі өтіп жатыр. 69 келі салмақта Елеусіновтың орнына қазір екі боксшы үміткер. Оның бірі - Садриддин Ахмедов болса, екіншісі Абылайхан Жүсіпов. Бұл екі боксшы да сіздің тәрбиеңізден өткен. Екі боксшының мүмкіндіктері туралы айтып беріңізші. Бұл боксшылардың қайсысы Данияр Елеусіновтің орнын баса алады?

- Расында, мен бұл екі боксымен де екі-екі жылдан жұмыс істедім. Екеуінде жақсы білемін. Біз оларды жақсы тәрбиелеп шығардық деп ойлаймын. Олардың стильін анықтап береміз. Кемшіліктерімен жұмыс істейміз. Сонымен қатар физикалық және психологиялық дайындықтарымен жұмыс істедік. 

Садриддин Ахметов екі жыл Қазақстан жастар құрамасында болып, тұрақты көрсеткіш көрсетіп келді. Бірақ кейде ол да бабынан айырылып қалған кезі болды. Сол үшін оны да бірнеше уақыт бақылып, қалыпқа келтірдік. 

Абылайхан Жүсіпов те құрамада екі жыл болды. Азия чемпионаты, әлем чемпионаты және жастар арасындағы Олимпиада ойындарын жеңді. Оның екеуі де менің шәкірттерім. Сол үшін нақты мынау мықты деп, біреуге басымдық бере алмаймы. Олардың жолы енді ғана түйісіп жатыр. Бұған дейін олар әртүрлі жаста және екітүрлі салмақта сынға түсіп жүрді. 

Бұлардың әрқайсысының өзінің артықшылықтары мен азды-кемді кемшіліктері бар. Ахмедов қарсыласын үнемі қыспаққа алады. Соққысы да ауыр. Үнемі алға қарай ұмтылады. Осы уақытқа дейін ол бұлай жұдырықтаспаған. Бұл стильді біз оған жастар арасында жүрген кезінде қойып бердік. Бұл стильмен ол жақсы жұдырықтасады. Бірақ кейде дистанцияны сезбей қалып, қолын бос серміп жатады. Осы секілді басқа кішігірім кемшіліктер бар. Енді солармен жұмыс істеу керек. 

Ал Жүсіповтың мектебі мен техникасы мықты. Ол ойнап жүріп жұдырықтасатын боксшылардың қатарынан. Оның стильі Ахмедовдікіне мүлде ұқсамайды. Оның психологиясы да мықты. Бірақ қазір бокс өзгеріп келеді. Боксшы қарсыласын мысын басып қоятын мықты соққысы болуы керек. Қазір осыған де ерекше назар аударылып отыр. Бір-екі жақсы соққы кездесудің тағдырын шешіп кетуі мүмкін. 

Дегенмен де Абылайханның техникасы толыққан. Өзіне көп соққы дарытпайды. Жылдамдығы жоғары. Соның арқасында қарсыласынан айласын асырып жүр. Екі боксшының да болашағы зор. Тек кешміліктерімен жұмыс істеу керек. Ал мен бұл боксшылардың ішінен кімнің Елеусіновтың орнын басатынын нақты айта алмаймын. Бұл таңдауды бас бапкерге қалдырғанымыз дұрыс. Қазір бұл боксшылармен Ұлттық құраманың бапкерлері жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, екі боксшы да осы емес. 

Еске салайық, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада 69 келіде алтын алған Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдаған еді. Қазіргі уақытта Ұлттық құрама сапында бұл салмақта бірінші нөмірлі боксшы атануға екі боксшы - жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы Абылайхан Жүсіпов пен жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов үмітті. 

Жарнама

Живи спортом!