Любительский бокс
6 сәуір 2017 15:50
 
Төрт боксшымыз Болгариядағы бәсекенің жартылай финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Төрт боксшымыз Болгариядағы бәсекенің жартылай финалына шықты

Қазақстан жастар құрамасының төрт боксшысы Болгарияда өтіп жатқан Эмилт Жечев мемориалының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Ғалым Кенжебаев Софияда өтіп жатқан турнирге сегіз боксшы алып барған болатын. Қазіргі уақытта тек бір боксшымыз ғана бәсекеден шығып қалды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Айбек Оралбай. Өзге боксшыларымыздың барлығы да додада бақтарын сынап жатыр. 

Кеше 60 келіге дейінгі салмақта Саматәлі Төлтаев, 64 келіге дейінгі салмақта Санатәлі Төлтаев, 75 келідегі Нұрбев Оралбай және ауыр салмақтағы Нұрдәулет Ұланұлы турнирдің жартылай финалына шықты. 

Тағы үш боксшымыз бүгін жартылай финалдың жолдамасына таласады. Олар - Айбек Досанов (52 келі), Нығметула Молдашев (56 келі) және Ермахан Жақпенов (69 келі). 

Айта кетейік, Эмиль Жечев мемориалы бұл күндері София қаласында өтіп жатыр. Бәсеке 8 сәуір күні мәресіне жетеді. 

Жарнама

Живи спортом!