Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тұғымбаева айтты.
Мұның алдында Серік Сәпиевтің депутаттық қызметтен бас тартқаны хабарланған болатын. "ҚР Орталық сайлау комиссиясы отставкаға кету жайлы өтініштің түсуіне байланысты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәпиев Серік Жұманғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешуге ұсыныс жасайды", -деген еді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Мелдешов.
Нәтижесінде депутаттар дауыс беріп, Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.

Жарнама