Өзбекстан құрамасынан келген боксшының финал үшін айқасы драмаға айналды

Қазақстан чемпионатына Түркістан облысы атынан қатысып жатқан боксшы Аман Қонысбаев финалға жете алмады.
Қазақстан чемпионатына Түркістан облысы атынан қатысып жатқан боксшы Аман Қонысбаев финалға жете алмады.
Қарағандыда өтіп жатқан турнирдің 1/2 финалында Аман Алматы қаласының боксшысы Фарух Тохтасыновпен жұдырықтасты.
Бірінші раундта Қонысбеков төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті.
Ал екіншісінде төрешілердің бәрі 19:19 деген есеп көрсетті. Үшінші раундта төрешілердің бәрі жеңісті Тохтасыновқа берді - 29:28.
Енді 71 келідегі финалда Тохтасынов батыс қазақстандық Сабыржан Аққалықовпен жекпе-жек өткізеді.
Еске салайық, Аман Өзбекстанда дүниеге келіп, сол елдің чемпионатында қола жүлдегер болған.
Жарнама