Любительский бокс
1 қараша 2022 20:01
 

"Мен тек алтын үшін келдім". Қазақтың "Ломаченкосы" Азия чемпионаты жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Мен тек алтын үшін келдім". Қазақтың "Ломаченкосы" Азия чемпионаты жайлы ©instagram.com/s_makhmud_17x/

Жастар арасында Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Махмұд Сабырхан Vesti.kz тілшісіне берген эксклюзив сұқбатында Азия чемпионатындағы басты мақсаты мен турнирде қай елдердің боксшылары негізгі қарсылас екенін айтып берді. 

blog.share

Жастар арасында Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Махмұд Сабырхан Vesti.kz тілшісіне берген эксклюзив сұқбатында Азия чемпионатындағы басты мақсаты мен турнирде қай елдердің боксшылары негізгі қарсылас екенін айтып берді. 

- Махмұд, көңіл-күйің қалай? Жалпы команда ішіндегі атмосфера қандай? Азия чемпионатына дайындық жақсы өтті ме?

- Команда ішіндегі атмосфера жақсы. Алматы қаласында дайындық жұмыстарын өткіздік. Жеке өзімнің дайындығым да мықты. 

- Сенің 1/4 финалдағы қарсыласың белгілі. Бұл айқасқа қандай жоспармен шығасың?

- Турнирдің бұл кезеңінде менің қарсыласым Моңғолия немесе Таиланд елінің боксшылары болуы мүмкін. Екеуі де мықты қарсылас. Қайсысы жеңеді, сонымен кездесемін. Бірінші ол боксшылардың жекпе-жегін көру керек. Содан соң айқасқа жоспар құрамыз. 

- Сен жастар арасында Азия чемпионатында үш мәрте топ жардың. Енді ересектер арасында бірінші рет қатысып тұрсың. Жалпы мақсат қандай?

- Әрине, бізге артылып отырған жауапкершілік көп. Оның үстіне мен осыған дейін ересектер арасында Азия чемпионы атанған жоқпын. Жастар мен жасөспірімдер арасында үш мәрте топ жардым. Енді ересектер арасында алтын алғым келеді. Бұл менің басты мақсатым. Мақсатты орындау үшін мықты боксшылар қарсы келеді. Бірақ, мен шеберлігімді көрсетіп, жанкүйерлерімізді қуантуға дайынмын. 

- Сенің ойымша, Азия чемпионатында Қазақстанның басты қарсыластары қай елдің боксшылары болады?

- Қазіргі уақытта Азия құрлығында бокс қарқынды дамуда. Барлық құраманың боксшылары мықты. Дегенмен де басты қарсыластарымыз - Өзбекстан, Жапония, Үндістан және Филиппин елінің боксшылары. Алайда біздің құраманың боксшылары да әлсіз емес. Біздің құрамаға сәттілік тілеймін. Жақсы өнер көрсетеміз деп сенемін. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!