Мексикалық маман Джейкобстың жеңісіне 1000 доллар тікті
©nationboxing.com
Мексикалық бапкер Рафаэль Рамирес Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) пен Генадий Головкин (36-0, 33 КО) арасында өтетін жекпе-жекте америкалық боксшы жеңіске жетеді деп, 1000 доллар тігіпті.
"Мен бұл кездесуде Джейкобстың жеңісіне сенімдімін. Сондықтан Дэниэлдің жеңісіне мың доллар бәс тігіп отырмын. Қанша жеңемін? Нақты білмеймін. Бірақ ұтыстың біршама болары анық. Джейкобс Головкинді бірінші раунда нокаутқа түсіреді деп айта алмаймын. Дегенмен де ол қашықтықтты сақтай отырып, Головкинді жеңіп кетеді", - дейді Рамирес Dontae’s Boxing Nation порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс арасындағы кездесуде букмекерлік кеңселер қазақстандық боксшыны анық фоварит деп, оның жеңісіне 1,15 коэффицент беріп отыр. Ал, Джейкобстың жеңісіне 6,5 коэффицент ұсынылған.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Жарнама