Любительский бокс
15 ақпан 2022 15:25
 

"Қазақтың Ломаченкосы да бар". Болгариядағы халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

  Пікірлер

blog.share

"Қазақтың Ломаченкосы да бар". Болгариядағы халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды ©AIBA

18 және 23 ақпан аралығында Болгариядағы "Странджа" деп аталатын 73 халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының боксшылары анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

blog.share

18 және 23 ақпан аралығында Болгариядағы "Странджа" деп аталатын 73 халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының боксшылары анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Аталған жарысқа боксшыларымыз 17 ақпан күні аттанады. Бұл Қазақстан құрамасы боксшылары үшін 2022 жылдағы бірінші ірі турнир болады. 

Болгарияға Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов кіл мықтыларды алып барады. Олардың қатарында әлем чемпионатында күміс жүлде алған, "Қазақтың Ломаченкосы" деген атқа ие болған Махмұт Сабырхан да бар. 

Турнирге қатысатын боксшылардың тізімі:

48 келі — Санжар Тәшкенбай, Даниял Сәбит,

51 келі — Дамир Әбдіқадыр, Тимур Қабдешов,

54 келі — Махмұт Сабырхан, Талғат Сырымбетов,

57 келі — Оразбек Асылқұлов, Бейбарыс Жексен,

60 келі — Василий Самчук, Әділет Құрметов,

63,5 келі — Абзал Серік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы,

67 кг — Дулат Бекбауов, Дархан Дүйсебай,

71 келі — Ермахан Жакпеков, Қуан Қуатов,

75 келі — Нұрканат Райыс, Диас Молжігітов,

80 келі — Жанібек Қартбаев, Ерасыл Жакпеков,

86 келі — Сағындык Тоғамбай,

92 келі — Абзал Құттыбеков,

+92 келі — Нұрлан Сапарбай, Аманат Сабырғали. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!