Любительский бокс
8 маусым 2018 08:54
 

Қазақстандық боксшыны жеңген қыз жігіт болып шықты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшыны жеңген қыз жігіт болып шықты

Азия чемпионатының финалында қазақстандық Еркежан Дәулетжанқызын жеңген вьетнамдық боксшы қыз жігіт болып шықты, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

blog.share

Азия чемпионатының финалында қазақстандық Еркежан Дәулетжанқызын жеңген вьетнамдық боксшы қыз жігіт болып шықты, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Таиландтағы турнир сәуірде өткен. ШҚО-дан барған қыз финалда вьетнамдыққа жол берген. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін оның жігіт екені анықталды. 

"Жұдырықтасу әдісі мен дауысы жігітке ұқсаған", - дейді қазақстандық спортшының жаттықтырушысы Арман Тыныбаев.

Оның айтуынша, жарыс аяқталғаннан кейін Халықаралық бокс ассоциациясы спортшыдан ДНҚ тест тапсыруын талап еткен. Осылайша шындықтың беті ашылған. Екі аптадан кейін ол шеттетілген. 

Қазақстан бокс федерациясы ендігі кезекте Азия бокс федерациясы Еркежанға Азия чемпионатының алтын медалін беруді және Аргентинада өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуды сұрап, өтініш жазады.

Жарнама

Живи спортом!