Любительский бокс
16 мамыр 2017 15:31
 
Қанат Ислам IBO рейтингінде төрт саты төмен түсті

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам IBO рейтингінде төрт саты төмен түсті

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (23-0, 19 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) жаңартылған рейтингінде төрт саты төмен түсті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Өткен айдың қорытындысы бойынша Қанат Ислам тізімнің 47 сатысында тұрған еді. Бүгін жарияланған жаңа рейтингте отандасымыз төрт сатыт төмен түсіп, 51 орынға жайғасыпты. 

Еске салайық, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті кездесуін 26 мамыр күні Флоридада өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетсе, 8 кездесуде жеңіліп қалған.

Ал бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Бейбіт Шүменов 11, Иса Ақбербаев 31 орындарын сақтап тұр.

Жарнама

Живи спортом!