Елімізде бокстан дәстүрлі Конфедерация кубогі басталады
© olympic.kz
Бүгін бокстан дәстүрлі Конфедерация кубогі басталады. Аталған додаға еліміздің 14 облысы мен 2 қаласынан үздік командалар қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы Конфедерация кубогі мен Қазақстан чемпионатында боксшылар 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Халықаралық Олимпиада комитетінің әуесқой боксқа енгізген өзгерістеріне байланысты 2 салмақ дәрежесі алынып тасталды.
ХОК бұл өзгеріс туралы 2017 жылдан бері айтып келеді. Бокстағы гендерлік теңдікті қалыптастыру үшін Олимпиада ойындарында әйелдер боксындағы салмақ дәрежесі беске дейін көбейіп, ерлер боксынан екі салмақ алынады.
2020 жылғы Токио Олимпиадасы қарсаңында АІВА салмақ дәрежелеріне қатысты жаңа ережені бекітеді.
Қазақстан бокс федерациясы бұл жаңалықтарға қатысты дайындықты бастады. Конфедерация кубогі турнирінде 49 және 56 келі салмақтағы боксшылар сынға түспейді.
Осылайша, боксшылар жыл сайынғы Конфедерация кубогіне тас-түйін дайын. 4 топқа бөлінген командалар биыл жаңа чемпионды анықтайды. Жарыстың жүлде қоры - 25 миллион теңге.
Бүгінге дейін Астана, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары екі реттен чемпион атанса, Қарағанды облысы бір рет топ жарды.

Жарнама