2023 жылғы 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Оған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысады.
Байрақты дода 13 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылмақ. Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, біздің боксшылар барлық 13 салмақ бойынша шаршы алаңға шығады. ЖОО 4-курс студенті, ел мақтанышы – Махмұд Сабырхан 56 келі салмақта жұдырықтасады.
Ташкенттегі шаршы алаңда Махмұдпен қатар ел намысын қорғайтың спортшылар: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қонқабаев (92 кг жоғары).
Бүгінде Махмұд Шымкент қаласындағы "Алма-Тау" базасында оқу-жаттығу жиынында әлем чемпионатына дайындалып жатыр.
Еске салайық, Әуезов университетінің студенті Махмұд Сабырхан Сербия астанасы – Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова студентіне сәттілік тілеп, қазақ елін спортшыларымызға жанкүйер болуға шақырды. Боксшылар додасының тікелей трансляциялары "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарының эфирінен көрсетіледі.