"Астана арландары" боксшысының "жеңілісі" қызу талқыланып жатыр
Өткен демалыс күндері "Астана Арланс" боксшылары Санкт-Петербургте өткен Дүниежүзілік бокс сериясының сегізінші маусымында ресейлік "Патриот Боксинг Тим" командасынан 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл "арландардың" маусымдағы алғашқы жеңілісі. Алайда қазақстандық клубтың бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков боксшыларымыз 3:2 есебімен жеңіске жетуі керек еді дейді.
Өткен демалыс күндері "Астана Арланс" боксшылары Санкт-Петербургте өткен Дүниежүзілік бокс сериясының сегізінші маусымында ресейлік "Патриот Боксинг Тим" командасынан 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл "арландардың" маусымдағы алғашқы жеңілісі. Алайда қазақстандық клубтың бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков боксшыларымыз 3:2 есебімен жеңіске жетуі керек еді дейді.
"52 келіге дейінгі салмақта боксшымыз (Сәкен Байбосынов - Авт.) әдемі жұдырықтасып, ұпай айырмасымен жеңген. 60 келіге дейінгі салмақта да (Серік Теміржанов - Авт.). Сосын олар боксшыларының күресіп қана жүргенін мойындады. Кездесуден кейін кейбір сәттер үшін кешірім сұрап супервайзері де келді", - деді бапкер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Сарапшылар болса аса ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов пен Гигабутдин Алиевтің жекпе-жегіне назар аударып отыр. Бұл кездесуді тіпті Левит пен Тищенконың финалдық жекпе-жегіне балап жатқандар бар. Бірінші раундта қазақстандық нокдаунға түсіп қалған, кейін ол қарсыласын канвас жастандырды. Мамандардың айтуынша, кейбір эпизодтарда Алиев нокаутта болған, алайда рефери ресейлік боксшыға қалпына келуге мүмкіндік жасап, жеңілісін тіркемеген.
Қорытындысында төрешілер жеңісті Алиевке берген - (46:46, 49:45, 47:47). Қазылардың бұл шешіміне тіпті ресейлік комментаторлар Борис Скрипко мен Роман Гришиндер күліп, таңғалған.
"Мынау енді шектен шыққандық, жігіттер! Таза нокаут болды, боксшымызды тұрғызып әлек болды, сосын барып есепті ашты, - дейді Скрипко. - Бұл енді әуесқой бокс, достар".
Оның әріптесі Гришин ринг-анонсердің жеңісті қызыл бұрышқа берген кезінде былай дейді: "Таңғаларлық жағдай! Таңғаларлық есеп қой бұл. Екі картадан тең деген есепті естідім".
Ал қазақстандық рефери Серікжан Ешмағамбетов бұл даулы жекпе-жекке қатысты былай деп пікір білдірді: "Екі жақ шеткі төрешілер, А мен С, дұрыс есептемей отырд. Үшінші судья, В, ол оларға қарағанда дұрысырақ есеп берді. Соған қарағанда, олардың "бөтен бір" ойы болған. Түсініксіз. Сосын рефери рингте тұрып қателесті. Ол нокаутты тіркеуі керек еді, бірақ қате жасады... Бұл өрескел қателік", - деп мәлімдеді ол.
Жарнама