Әділбек Ниязымбетовке Ақтаудан пәтер кілті табыс етілді
© tumba.kz
Маңғыстау облыстық әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжанов салтанатты түрде Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды Тумба.kz.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада-2016 ойындарында күміс жүлдеге ие болған спортшыға екі бөлмелі пәтер берілуі тиіс. Олимпиада ойындарының жүлдегеріне пәтер алуға бюджеттен 32 миллион теңге бөлінді.
Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша, екі бөлмелі пәтер қала орталығындағы ең әсем тұрғын үй кешенінде орналасқан.
Бұл Әділбектің спорттағы жетістігі үшін алып отырған екінші пәтері. Бірінші рет екі бөлмелі пәтерді ол 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионаты кезінде күміс жүлдеге ие болып, екі бөлмелі пәтердің иесі атанған. Сол кезде Әділбек Ниязымбетов Олимпиада-2012 (Лондон) ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алған болатын.
Пәтерден бөлек, өңір басшысы Қырымбек Көшербаев спортшыға Chevrolet Cruze маркалы автомобиль мінгізген болатын. Өткен жылы Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев Әділбек Ниязымбетовке және оның бапкері Марат Жәкеевке Toyota жол талғамайтын көліктерін сыйлаған болатын.

Жарнама